Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
521.53 601.01 6.43

Мәжілістің вице-спикері Қазақстан әйелдерінің инновация саласындағы жетістіктері туралы айтты

18-11-2024, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Мәжіліс төрағасының орынбасары Дания Еспаева 2024 жылы Қырғыз Республикасы төрағалық еткен Орталық Азия елдерінің әйелдер диалогының қорытынды отырысына қатысты.

Мәжілістің вице-спикері өз сөзінде Орталық Азия елдерінің көшбасшы әйелдерінің диалогы гендерлік даму саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың тиімді институтына айналып келе жатқанын атап өтіп, қырғыз әріптестерін төрағалығының сәтті аяқталуымен құттықтады. Бұл ретте, Дания Еспаеваның айтуынша, ұйым мүшелері стендтердегі талқылаулар мен дебаттардан әйелдер жетістіктерін көрнекі түрде көрсетуге көшкен.

– Әйелдер инновацияларының елдің экономикалық дамуына қосқан үлесі туралы айтатын болсақ, біз парламенттердің міндеттерінің бірі ретінде жалпы инновацияларды дамыту үшін сапалы заңнамалық база құру қажет деп ойлаймыз. Осы орайда, мемлекеттеріміздің прогресс, ғылым, инновация және жасампаздық тақырыптарына көзқарастарының өзгеруі мені ерекше таң қалдырды. Биыл Қазақстанда «Ғылыми-техникалық саясат туралы» тұжырымдамалық жаңа заң қабылданды. Қырғызстанда соңғы екі жылда «Инновациялық қызмет туралы», «Ғылым туралы» және «Технологиялық парктер туралы» жаңа заңдар қабылданғанын білеміз. Енді біздің елдер үшін жаңа тренд – креативті экономиканы дамыту, – деді Д.Еспаева.

Ол сондай-ақ өнертапқыш әйелдердің биотехнология, фармацевтика және органикалық химия секілді салаларда белсенді екенін атап өтті. Қазақстанда жаңашыл әйелдердің ең көп қатысуы ветеринария, химия, металлургия және биотехнология салаларында байқалады. Вице-спикер өткен жылы қазақстандық ғалым-кәсіпкерлер Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының, Дүниежүзілік банктің және басқа да ұйымдардың халықаралық жобаларында өздерін белсене көрсеткенін атап өтті. Әйелдер стартап көшбасшыларына айналып, халықаралық нарықтарға шығуда.

БҰҰ өкілдерінің, Орталық Азия елдерінің парламентшілері мен Үкімет мүшелерінің қатысуымен өткен кездесуде әйелдер инновациясын қолдаудың практикалық тәжірибесі де талқыланды. Әйелдер инновациясының және кәсіпкерліктің тұрақты экожүйесін қалыптастыру үшін қолайлы ортаны дамыту бойынша ұсыныстар дайындалды. Диалогқа қатысушылар арнайы ұйымдастырылған көрмеде әйелдердің табысты жобаларымен танысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив