Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
495.2 522.34 4.94

Үкіметтің резервінен жаңа егіннің астығын тікелей сатып алуға 10 млрд теңге бөлінеді

18-11-2024, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Аграрлық мәселелер жөніндегі Комитеттің «Биылғы егінді сақтау, өткізу мәселелері және оларды шешу бойынша Үкіметтің жоспары» тақырыбындағы кеңейтілген отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ведомство шағын шаруашылықтардан сатып алудың басымдылығын белгілей отырып, жаңа егіннің астығын тікелей сатып алуды ұйымдастыру туралы мәселені пысықтап жатқанын хабарлады.

«Үкімет резервінен 10 млрд теңге бөлу жоспарлануда. Бұл шара нарықты тұрақтандыруға және нарықтық құны бойынша 155 мың тонна астық сатып алуға мүмкіндік береді. 1 млн тоннаға жуық ауқымды сатып алу үшін 75 млрд теңге көлемінде қосымша қаржыландыру қажет», - деді министр.

Астықтың ішкі бағасының төмендеуі кезеңінде азық-түлік келісімшарт корпорациясы фермерлерге астықты интервенциялық сатып алу арқылы тиімді бағамен сатуға көмектеседі, осылайша фермерлердің шығындарын азайтады. Жоғары баға кезеңінде мемлекеттік оператор астықты ұн тарту, мал және құс шаруашылықтарына нарықтық бағадан төмен бағамен өткізеді, осылайша түпкілікті өнім бағасының өсуін тежейді.

Осылайша, азық-түлік корпорациясы өз қызметі шеңберінде форвардтық келісімшарттар мен тауарлық кредиттер беру, ұн тартатын, мал және құс шаруашылықтарына арзандатылған бидайды өткізу арқылы нарыққа жүйелі қолдау көрсетеді.

Бұл тетік АӨК дамуын ынталандыра отырып, экономикаға мультипликативті әсер етеді, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру түріндегі нүктелік әлеуметтік әсер етеді.

Астықты үздіксіз экспорттау бойынша шаралар қабылданды: астықты тасымалдауға шамамен 11,8 мың бірлік астық тасушы және 16 мың бірлік жабық вагон тартылды.

Жалпы, ағымдағы жылдың 10 айында ҚТЖ 7,9 млн тонна астық жүктерін тасымалдады, оның ішінде ішкі қатынастар бойынша 1,9 млн тонна және экспортқа 6 млн тонна жөнелтілді.

Айта кетейік, бұл мәселелер кешенді тәсілді талап етеді, осыған байланысты тиімді шаралар қабылдау үшін министрлік барлық мүдделі тараптармен пысықтау жүргізуде.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив