Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.18 636.05 6.52

Ағымдағы жылы 570 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті

19-11-2024, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

2024 жылы теміржолшылар 1400 км-ден астам магистральды жаңартуды жоспарласа, оның 570 км. күрделі, жолдың жоғарғы құрылымын толығымен ауыстырды. Бүгінгі таңда барлық өңірлерде күрделі сипаттағы жұмыстар аяқталды.

«Сонымен қатар, ҚТЖ желісінде жолды күшейтілген орташа және орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда. Теміржолшылар рельстік тіректерді, рельстік табандарды үздіксіз ауыстыру жұмыстарын және т. б. профилактикалық іс-шараларды жүргізуде», - деді «ҚТЖ «ҰК» АҚ филиалы – «Магистральдық желі дирекциясы» жол және құрылыстар департаментінің бас менеджері Берік Биятов.  

Жол жөндеу бойынша жоспарлы жұмыс теміржол тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Жүк ағынының артуы жағдайында жыл сайын жол жөндеу қажеттілігі артып келеді.

Темір жол тарифтері қайта қаралған жағдайда, ҚТЖ жыл сайын жөндеу көлемін ұлғайтуға ниетті.

2029 жылға дейін барлығы 11 000 км теміржолды жаңарту жоспарлануда. 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив