Абай облысында автожолдарды жөндеу қарқынды жүргізілуде
Облыстағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 6 832 шақырымды құрайды. Биыл, соның ішіндегі жалпы сипаттағы трансферттер шеңберінде жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу жоспарланған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз маслихатында «Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ нің басшысы Рафхат Беркутбаев баяндады.
Сонымен қатар, республикалық автомобиль жолдарының 257 шақырымында орташа жөндеуге қаржы бөлініп, мердігер ұйымдар анықталды. Жөндеу жұмыстары екі жылға жоспарланған, былтыр 70 шақырымында асфальт төселсе, келесі жылы 187 шақырымында жұмыстар жалғаспақ.
Жолаушыларды тасымалдау бойынша Абай облысында 14 ауданаралық және облысаралық маршруттар жүзеге асырылады. Семей қаласының әкімдігі әлеуметтік маңызы бар 42 маршрутты қамтамасыз етсе, тасымалдаушылардың арасында «Авто Транс Семей», «Таксомоторлы парк», «СемАвтоПарк» және басқа да компаниялар бар. Ал, теміржол көлігімен былтырғы жылы 30 000-ға жуық жолаушы тасымалданған.