Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Қазақстанның Қорғаныс министрі ҰҚШҰ Бас хатшысымен келіссөздер жүргізді

21-11-2024, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы жарғылық органдарының отырысы аясында Қазақстан Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен жұмыс кездесуі өтті.

Сұхбат барысы әскери ынтымақтастықтың өзекті мәселелері және Қазақстанның Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына төрағалық етуінің басым бағыттарын іске асыру төңірегінде болды.

Тараптар ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына және Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің және Ұйымның қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысына дайындық мәселелерін де қозғады. 

Естеріңізге сала кетсек, бірлескен шаралар 28 қарашада Астанада өтеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив