Роллан Серіков ҚР туризм және спорт министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
Туризм және спорт министрінің бұйрығымен Роллан Серікұлы Серіков ҚР Туризм және спорт министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлады.
1979 жылы Семей облысында дүниеге келген.
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін («NARXOZ» университеті) бітірген. PhD докторы.
Еңбек жолын 2000 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде оқытушы-тағылымдамашы болып бастаған.
2000-2016 жылдары — жоғары білім беру саласында оқытушы ретінде және түрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеді, стратегиялық және бюджеттік жоспарлау мәселелеріне жетекшілік етті.
2017-2020 жылдары — ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының тестілеуді ұйымдастыру және өткізу басқармасының басшысы.
2021-2023 жылдары — Астана қаласының Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясында, Qazaq Kuresi қауымдастығында басшылық қызметтер атқарды.
2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.