Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.84 634.46 6.43

Өнеркәсіп комитеті өзінің 20 жылдығын атап өтуде

23-11-2024, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Өнеркәсіп комитеті өзінің 20 жылдығын атап өтуіне орай ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде салтанатты мерекелік іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев қызметкерлерді мерейтойлық күнмен құттықтады. Сондай-ақ ол өнеркәсіп секторының отандық экономиканы дамытуға қосқан үлесінің маңыздылығын атап өтті.

Әрмен қарай Қанат Шарлапаев адал еңбегі мен саланың дамуына қосқан үлесі үшін өнеркәсіп комитетінің бірқатар қызметкерлері мен ардагерлерін мерейтойлық медальдармен және наградалармен марапаттады.

Содан кейін Өнеркәсіп комитетінің бірінші төрағасы Азамат Панбаев және оның басшысы Мейрам Қажыкен құттықтау сөз сөйледі. Олар Қазақстандағы өнеркәсіп саласының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, осы салада жұмыс істейтін барлық мамандарға алғыстарын білдірді.

Мерекелік көңіл-күйді орындаушылардың вокалдық қойылымдары күшейтті, сахнада патриоттық әндер шырқалды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив