Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
446.56 512.34 5.3

«Астана Опера» театрында «Толық адам. Ой толғау. Хакім Абай» монооперасның премьерасы өтті

23-11-2024, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

«Астана Опера» театрында ұлы ақын, ағартушы, композитор, философ, қоғам қайраткері Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Толық адам. Ой толғау. Хакім Абай» монооперасның премьерасы өтті.

Шығарманың авторы және орындаушысы – Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шахимардан Әбілов дарынды пианист, халықаралық байқаулардың лауреаты Әлияр Өтетілеумен бірге өнер көрсетті.

Жиналған қауым Абайдың «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ», «Бойы бұлғаң» және басқа да танымал әндерін тыңдай алды. Ал, «Астана Опера» хор студиясының жас әртістері Шахимардан Әбіловпен бірге «Желсіз түнде жарық ай» және «Айттым сәлем Қаламқас» әндерін орындады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив