Облыстағы білім сапасының көрсеткіші І тоқсан қорытындысы бойынша 4%- ға артқан
Абай облысындағы білім беру жүйесінің дамуы тақырыбында арнайы баспасөз-туры ұйымдастырылды. БАҚ өкілдері және өңірлік коммуникациялар қызметіне жаңадан ашылған №50 ІТ мектеп-лицейі таныстырылып, оқу процессі көрсетілді.
Баспасөз туры аясында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айжан Құрманова облыстағы білім беру мекемелерінің негізгі міндеттерінің бірі білім алушылардың білім сапасын арттыру негізінде жүйелі жұмыстар жүргізу деп атап өтті.
Облыс мектептері 100 % сандық білім беру ресурстары және электронды оқулықтармен қамтамасыз етілген - деді Айжан Құрманова.
Облыстың дарынды балаларына қолдау көрсету мақсатында «Абай облысының дарынды балаларын анықтаудың, дамытудың және қолдаудың 2023 - 2027 жылдарға арналған Кешенді жоспары» әзірленген. Өңірдің жетекші университетіндегі профессор-оқытушылар құрамы мен Семей қаласының НЗМ оқытушыларының қатысуымен «Профессорлық сағат» және «Бейін алды даярлық сыныптар» жобалары жүзеге асырылып, жақсы нәтиже көрсетуде.
Сонымен қатар спикер 2025 жылы құрылысы аяқталатын Семей қаласында салынып жатқан көпфункционалды орталықтың (Оқушылар сарайының) іске қосылуы қосымша біліммен қамтуды ұлғайтуға мүмкіндік беретінін жеткізді.