Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

ҚР Туризм және спорт министрлігі екі облыстың үміткеріне келісім берді

Бүгін, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Елордада ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен өңірлік спорт басқармаларының басшысын тағайындау бойынша комиссия отырысы өтті. Отырыста Қарағанды және Павлодар облыстарының дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшылығына ұсынылған екі үміткердің кандидатурасы қарастырылды.

Атап айтқанда, Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығына бокстан Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиевтің, ал Павлодар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығына ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Азамат Имашевтың кандидатурасы ұсынылып, комиссия мүшелері келісімін берді.

Жиын барысында комиссия мүшелері үміткерлердің саладағы тәжірибесі мен өңір спортын дамытуға қатысты жоспарына, сондай-ақ спорт ғылымының негіздері мен менеджментін меңгергендігі жөнінде сұрақтар қойды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ХХХІІІ жазғы Олимпиада жүлдегерлерімен кездесуінде әрбір өңір қандай спорт түрін дамыту керектігіне қатысты шешімді дербес қабылдайтынын сынға алған болатын. Осыған орай, Президент спорт саласындағы барлық деңгейдегі басқару вертикалін қалпына келтіру жөнінде Үкіметке нақты тапсырма берді. Енді облыстық спорт басқармаларының басшылығына ұсынылған үміткерлер ҚР Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған комиссияның келісімімен жүзеге асырылады», – деді Ербол Мырзабосынов.

Айта кетейік, кандидаттарды жергілікті атқарушы орган ұсынады және Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған комиссияның оң қорытындысын алған кандидаттарды ғана тағайындауға тиіс.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив