Абай облысында 2026 жылдың тоғыз айында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау қорытындылары шығарылды
Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттары болып табылады.
2026 жылдың тоғыз айында Департамент мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнама талаптарының сақталуын бақылау, заңбұзушылықтарды анықтау және қызмет алушылардың құқықтарын қалпына келтіру бағытында жұмыс жүргізді.
Есепті кезеңде 10 жоспарлы және 11 жоспардан тыс тексеруді қамтитын 21 бақылау іс-шарасы өткізілді. Тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнама талаптарының 13 116 рет бұзылғаны анықталды. Бұдан бөлек, ақпараттық жүйелерге қашықтан мониторинг жүргізу арқылы 3 162 бұзушылық анықталды. Осылайша, анықталған бұзушылықтардың жалпы саны 16 278-ді құрады.
Бақылау қызметінің нәтижесінде 206 қызмет алушының құқығы қалпына келтірілді. Оның ішінде 198 қызмет алушының құқығы қашықтан мониторинг жүргізу арқылы қалпына келтірілді.
Анықталған кемшіліктерді жою мақсатында мемлекеттік органдарға 75 ұсыным енгізіліп, олардың барлығы толық көлемде орындалды. Сонымен қатар, 37 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Бұдан бөлек, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту және оны көрсету мерзімдерін бұзу фактілері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 465-бабына сәйкес 6 лауазымды тұлғаға қатысты 17 хаттама толтырылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 800 125 теңгені құрап, бюджетке толық көлемде өндірілді.
Департамент бұзушылықтардың алдын алуға және мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше назар аударады. Есепті кезеңде семинарлар, тікелей эфирлер, интернет-конференциялар, қоғамдық кеңестердің отырыстары, біліктілікті арттыру курстары және мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелерін қоса алғанда, 146 ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Департамент мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру, заңнама талаптарының бұзылуына жол бермеу және лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру бағытындағы жұмысын жалғастырады. Басты мақсат - азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтай отырып, мемлекеттік қызметтердің уақтылы, сапалы әрі ашық көрсетілуін қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік