Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Түркі Академиясының Президентін қабылдады

Бүгін, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Түркі Академиясының Президенті Шахин Мұстафаевты қабылдады.

Кездесу барысында тараптар ұйымның ағымдағы қызметі мен 2025 жылы жоспарланған іс-шараларды талқылап, ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша пікір алмасты.

Бұдан бөлек, қазақстандық тарап ү.ж. 9-11 қыркүйекте Бакуда тиісті комиссия бекіткен Ортақ түркі әліпбиін қабылдау бойынша Академия жұмысының маңыздылығын атап өтті.

Ә.Бақаев Академияның жұмысы түркі мемлекеттерінің ғылым, білім және мәдениет саласындағы ынтымақтастығын тереңдетуге, ортақ тарихи-мәдени мұраны нығайтуға көмектесуге, сондай-ақ оның бүкіл ТМҰ әлемінде танытуға бағытталуы керек екенін атап өтті.

Түркі Академиясы 2010 жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасының бастамасымен құрылған. Академияны құру туралы келісімге 2012 жылғы 23 тамызда Бішкек қаласында (Қырғызстан) Түркі мемлекеттері ынтымақтастық кеңесінің ІІ-ші саммиті барысында қол қойылды. Мүшелері: Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия. Бақылаушы мемлекеттер: Мажарстан, Өзбекстан.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив