Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Алдағы бес жылда өңірде жаңа су қоймалары салынбақ

Бүгін, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында вегетациялық кезең сәтті аяқталды. Бұл туралы, бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қазсушар» РМК Шығыс Қазақстан филиалы директоры Нұржан Әміржанов баяндады. Оның айтуынша «Қазсушар» РМК Шығыс Қазақстан филиалы Абай облысы бойынша 3 су қоймасын, 20 су торабын, 41 магистральдық каналды және 1 топтық су құбырын пайдаланып келеді. 

- Маусымдық вегетациялық кезеңнен сәтті өттік. Осы өңірдегі 3 су қоймасының , 20 су торабының және 41 магистральдық каналдың арқасында Үржар, Ақсуат, Жарма және Көкпекті аудандарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне суды толық көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік жасалды. Пайдалану ережелеріне сәйкес келесі су тасқынынан өтуге дайындық үшін каналдарды жабу бойынша жұмыстар жүргізіліп, су қоймалары өлі көлемге дейін босатылды және транзиттік жұмыс режиміне ауыстырылды, - деді Нұржан Әміржанов.

2024 жылы «Қазсушар» РМК Шығыс Қазақстан филиалы ауыл шаруашылығы өндірушілерімен 13,5 мың гектар суармалы алқапқа 364 келісімшарт жасасты. Мекеме өкілінің айтуынша, осы шарттар бойынша жалпы 51,8 миллион текше метр су берілген.

- Ағымдағы жылы ұзындығы 36 км каналдарды іріктемелі механикаландырылған тазарту және 7 гидротехникалық құрылыста ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Су тасқынынан кейін 9 гидротехникалық құрылыста қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.Су саласын дамыту жөніндегі бекітілген Кешенді жоспарға сәйкес 2028 жылға қарай 5 жаңа су қоймасын салу және 1 су қоймасының құрылысын аяқтау жоспарланған, - деп атап өтті спикер.

Айта кетелік тағы бір жайт, биыл «Қазсушар» РМК Шығыс Қазақстан филиалы су беру қызметінің бірыңғай тарифі аясында 9 бірлік арнайы техника сатып алған. Оның ішінде екі экскаватор-тиегіш, бір бульдозер, екі тартқыш, екі трал және екі шынжыр табанды экскаватор бар.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив