Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Мәжілісте Еуропалық Одақпен қарым-қатынасты нығайту мәселесі талқыланды

Бүгін, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Мәжіліс төрағасының орынбасары Дания Еспаева бастаған депутаттар Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Терхи Хакала және Қазақстандағы Еуроодақ өкілдігінің басшысы Алешка Симкичпен кездесіп, екіжақты қарым-қатынасты талқылады.

Жиынды ашқан Дания Еспаева Терхи Хакалға Еуропалық Одақ пен Қазақстан, сондай-ақ Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға қосқан жеке үлесі үшін алғыс айтты. Сонымен қатар Алешка Симкичті Қазақстандағы миссиясының басталуымен құттықтап, жаңа жауапты қызметіне сәттілік тіледі.

Мәжілістің вице-спикері Парламентаралық ынтымақтастықты нығайту туралы айта келе, 2023 жылғы қарашада Еуропалық Парламент құрылымдарының жұмысымен танысу үшін Орталық Азия елдерінің әйелдер диалогы мүшелері мен азаматтық қоғам өкілдерінің Брюссельге сапарының тиімділігін атап өтті.

– Сапар барысында Еуропалық Одақтағы Диалог пен ұқсас желілер және азаматтық қоғам арасындағы серіктестікті ілгерілету, саясатты жүзеге асыру бойынша жемісті әрі озық тәжірибе алмасу болды, – деді Д.Еспаева.

Өз кезегінде Терхи Хакала Орталық Азия елдеріндегі көшбасшы әйелдер заңнамалық деңгейде әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықпен күресуге елеулі үлес қосып отырғанын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан мен Өзбекстан бұл мәселеде өзге елдерге үлгі болып отыр.

Сондай-ақ тараптар екіжақты ынтымақтастықтың кеңеюін, оның ішінде Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы тауар айналымының ұлғаюын және Қазақстанға еуропалық инвестициялар тарту мәселелерін талқылады. Парламентаралық дипломатияның дамуы, көлік, логистика, шикізат және басқа да салалардағы өзара іс-қимыл нәтижелері мен перспективалары сөз болды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив