Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

Қазақстанда жаңа темір жолдардың құрылысы кезінде 157 көпір салынады

Кеше, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Достық – Мойынты, Дарбаза – Мақтаарал инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру шеңберінде Алматының айналасында 500 астам жасанды құрылыс, оның ішінде 157 көпір салынуда. Олардың кейбіреулерінің ұзындығы 480 метрге жетеді.

Жаңа темір жолдарды салу арқылы отандық құрылыс кәсіпорындары темір жолдар мен жасанды құрылыстар салу саласында құзыреттіліктерді, білімдер мен дағдыларды қалыптастырды. Зауыттар қуаттылықты арттырды, өндірістік базаларды жаңғыртып, жоғары білікті жұмысшы мамандарының санын көбейтті.

Жаңа желілерді салу кезіндегі жұмыстар мен материалдардағы қазақстандық қамту үлесі 85% құрайды. 12 500 астам білікті маман жұмылдырылды. Жаңа темір жол магистральдарын салу үшін отандық зауыттардан 150 мың тоннаға жуық рельс және 2 млн. астам темірбетон шпалдары сатып алынатын болады.

Сондай-ақ, іске асырылып жатқан жобалардың мультипликативті әсерін атап өту қажет. 20 жыл ішінде ҚТЖ Ұлттық қорға 543 млрд теңгені пайызбен қайтарады және бюджетке 4 трлн теңгеден астам салық түсімдерін қамтамасыз етеді, оның 102 млрд теңгесі құрылыс кезеңінде түседі. 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив