Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

«Бір ел – бір мүдде» тобындағы депутаттар шетелдегі этномәдени және қазақ тілді БАҚ-тарды қолдау мәселесін талқылады

Бүгін, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобы Достық үйінде «Шетелдегі этномәдени бірлестіктер мен қазақ тілді БАҚ-тарды бұқаралық ақпарат құралдарын мемлекеттік қолдау» тақырыбына арналған отырыс өткізді.

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп отырысты аша келіп, бұл шара VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің үшінші сессиясы кезіндегі депутаттық топтың алғашқы кездесуі екенін атап өтті. Нұртөре Жүсіп өз сөзінде шетелдегі этномәдени журналистика мен қазақ тілді БАҚ-тарды қолдаудың маңыздылығына да тоқталды.

«Шетелдегі этномәдени бірлестіктер мен қазақ тілді БАҚ бұқаралық ақпарат құралдарын қолдау мәселесі өте маңызды. Олар отандастарымызбен байланысты нығайтуда, мәдениетімізді, тіліміз бен дәстүрімізді сақтау және ілгерілетуде шешуші рөл атқарады», - деп атап өтті сенатор.

Парламентшілер шара барысында сарапшылардың баяндамалары мен пікірлерін тыңдады. Онда этномәдени БАҚ-ты мемлекеттік қолдау тетіктерін әзірлеу, шетелде қазақ тілді медианың жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасау, жаһандану барысында ұлттық ерекшелік пен тіл дәстүрін сақтаудың маңыздылығы туралы мәселелер көтерілді.

Отырыста сондай-ақ этномәдени бірлестіктер мен шетелдегі қазақ тілді медианы ақпараттық қолдауды одан әрі нығайту үшін нақты ұсыныстар мен бастамалар ұсынылды. Ортақ пікірлестік тұрғысында өткен отырыста қатысушылар қойылған міндеттерді іске асыруға мүдделі екенін нақтылады. Кездесу қорытындысы бойынша заңнамалық деңгейде одан әрі пысықтау үшін ұсыныстар дайындау жоспарланып отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив