Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
511.22 540.05 4.73

Мәжіліс «Пошта туралы» және «Мәдениет туралы» заң жобаларын қарайды

Бүгін, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Мәжілістің қарауына бірінші оқылымда депутаттар бастамашы болған «Пошта туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылды. Бұл өзгерістер пошта байланысы нарығын дамытуға, пошта жөнелтілімдерін жеткізу механизмдерін жеңілдетуге және жетілдіруге, поштоматтарды орналастыру тәртібін нақтылау мен пошта саласындағы уәкілетті органның қызметін жетілдіруге бағытталған.

Сонымен қатар Мәжіліске депутаттар әзірлеген «Мәдениет туралы» заңға өзгерістер енгізу жөніндегі тағы бір заң жобасын талқылау ұсынылады. Құжатта қазақ тілін мәдени құндылық ретінде сақтау және қорғау бойынша бірқатар заңнамалық шараны қабылдау көзделген. Сонымен қатар жастардың ғылыми және білім беру әлеуетін ынталандыруға бағытталған нормалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлік институтын реттеу мәселелері енгізілген.

Мәжіліс күн тәртібінің жобасында дипломатиялық қызмет мәселелері жөніндегі заң жобалары, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер арасындағы Иранмен және Сингапурмен еркін сауда туралы келісімдерді ратификациялау туралы заң жобалары бар. Екінші оқылымда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтыруларды, сондай-ақ оларды Конституция нормаларына сәйкестендіру мәселелері бойынша түзетулерді талқылау ұсынылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив