Cемей-20°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.86 544.34 5.11

Теңіз порттары арқылы дәнді дақылдардың экспортын үздіксіз қамтамасыз етудің өзекті мәселелері қаралды

2-12-2024, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Көлік министрлігіне қарасты теміржол және су көлігі комитеті Ақтау қаласында дәнді дақылдардың экспортын қамтамасыз ету бойынша көшпелі кеңес өткізді.

Кеңеске теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Жәнібек Тайжанов,  ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Маңғыстау облысы әкімдігінің, ҚР порттарының теңіз әкімшілігінің, Қазақстан темір жолы, теңіз порттарының, астық терминалдарының өкілдері мен экспорттаушылар, трейдерлер, жүк жөнелтушілер  қатысты.

Кеңес барысында Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы дәнді дақылдарды үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету және экспорт әлеуетін арттыру, оның ішінде ветеринариялық және фитосанитариялық сертификаттарды беруді жеңілдету жолдары қаралды. Сондай-ақ, тасымалдаушылардың жедел штаб отырысында айтқан фитосанитариялық қызмет регламентін өзгерту және астықты экспорттауға рұқсат беру мәселелері қозғалды.  

Кеңес қорытындысы бойынша ветеринариялық және фитосанитариялық сертификаттарды беру рәсімін оңайлату бойынша нақты ұсыныстар әзірленіп, ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің қарауына жолданды.

Бұл тұрғыда Көлік министрлігі апта сайын астық дақылдарының экспортын қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабтың отырысын өткізеді.

Айта кетейік, биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша дәнді дақылдар экспортының көлемі шамамен 6 млн тоннаны құрады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив