Бесқарағай ауданында 19 адам шағын несиеге қол жеткізді
Жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау мақсатында облыстың 238 тұрғынына 2,5 пайыздық несие берілген. Шағын несиенің жалпы құны 1055 млн теңге. Несиеге қол жеткізгендердің арасында Бесқарағай ауданының 19 тұрғыны бар.
Сонымен қатар мемлекет тарапынан әлеуметтік осал топтар санатындағы тұрғындарға жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. Биыл облыс бойынша 203 адам қайтарымсыз грантқа қол жеткізді. Оның ішінде Бесқарағай ауданының алты тұрғыны бар.
Қазіргі уақытта грант беру процесі электрондық форматқа ауыстырылып, бірыңғай терезе – «Business.enbek.kz» порталы арқылы жүзеге асырылады.
Ресми түрде тіркелген жұмыссыздар, жеке кәсіпкерлер 400 АЕК көлеміндегі қайтарымсыз грантты алуға үміткер бола алады. Бірақ тіркеу мерзімі үш жылдан кем болмауы керек.
Сондай-ақ, үміткерде мерзімі үш жылдан аспаған «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификаты болуы тиіс.
Облыс бойынша ағымдағы жылы «Бастау Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан 1132 адам өтті. Оның 54-і Бесқарағай ауданының тұрғындары.