Cемей-20°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.86 544.34 5.11

Тамара Дүйсенова Qyzyljar creative center-ге барды

3-12-2024, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР вице-премьері Тамара Дүйсенова Солтүстік Қазақстан облысына сапары аясында «Qyzylzhar» креативті индустрия орталығына барды. Бір ай бұрын ашылған орталық инновациялық және шығармашылық жобаларды жүзеге асыру алаңына айналды. Онда цифрлық технологиялар саласындағы бағытты дамыту, медиа контент, сән және басқа да шығармашылық индустрияларды құру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.

Кейбір креативті мамандардың есімдері әлі кең аудиторияға таныс емес. Ал, кейбірінің даңқы Еуропаға дейін жеткен. Мысалы, сәнгер Айжан Колчина Париждегі жоғары сән апталығында өз коллекциясын ұсынды, онда оның жұмысы жоғары бағаланды.

Айжан Колчинаның жетекшілігімен жас дизайнерлер көйлектердің бірегей үлгілерін әзірлеуде. Ең креативті эскиздер идеялар нағыз өнер туындыларына айналатын арнайы шеберханада өмірге келеді.

Мұнда құлағы нашар еститін балалардан құралған бірегей би ансамблі бар. Оның негізін қалаушы Ольга Ростовщикова бірқатар республикалық және халықаралық байқаулардан жүлдемен оралған.

«18 жыл ішінде мен өзімнің авторлық әдістемемді қалыптастырдым. Алдағы уақытта оны патенттеп, оқу-әдістемелік құрал жазбақпын. Осылайша ерекше қажеттілігі бар балаларды өнерге баулып, қоғамға бейімдеуге үлес қосқым келеді», — дейді Ольга Ростовщикова.

Вице-премьер бастаманы жоғары бағалап, ерекше қажеттілігі бар балаларды шығармашылық және мәдени жобаларға қатысу арқылы дамытудың маңызын атап өтті.

Орталық базасында өңірдің креативті индустрия өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов салаға қатысты атқарылып жатқан шаралар жөнінде баяндады. Бүгінде тиісті заңдарға өзгерістер енгізіліп, Парламент қарауына жолданған. Онда салалық қор құру, мемлекеттік органдарға қосымша құзырет беру, сондай-ақ экономиканың креативті салаларын қаржыландыру көздері қарастырылды. Осы бастамалар еліміздегі креативті индустрияны ынталандырып қана қоймай, саланың дамуына серпін береді.

Қазақстанда осындай 10 орталық жұмыс істейді, олардың саны арта береді. Басты мақсат – облыс орталықтарында ғана емес, аудандар мен моноқалаларда да желіні кеңейту, бұл талантты адамдарды табуға және олардың әлеуетін дамытуға көмектеседі.

Вице-премьер креативті индустрияның әлеуеті зор екенін және орталықтардың жұмысын әр аймақтың бірегей ерекшеліктеріне сәйкес бейімдеуге назар аудару маңызды екеніне тоқталды. Ол Қазақстанда көптеген дарынды жас бар екенін, олардың тарапынан өз қабілеттерін іске асыруға, сондай-ақ таланттарды ашуға, одан әрі дамытуға және коммерцияландыруға көмектесетін сыртқы институттар тарапынан қолдауға өсіп келе жатқан сұраныс байқалатынын, бұл да жастардың табыс табуына ықпал ететінін атап өтті.

«Солтүстік Қазақстан облысы креативті индустрияның дамуына қажетті барлық мүмкіндікке ие. Аталған сала аймақтың экономикалық және мәдени әлеуетін нығайтуда маңызды рөл атқаратынына сенімдімін. Жалпы, облыстағы креативті индустрия хабын құру маңызды қадам, бұл тәжірибені басқа аймақтарға да тарату керек», — деді Тамара Дүйсенова.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив