Cемей-17°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.86 544.34 5.11

«Жаңа формация басшысы» жоба қатысушылары ӨҚМ Ахуалдық орталығының жұмысымен танысты

3-12-2024, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

2 желтоқсанда ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Nazarbayev Uiversity бірлесіп ұйымдастырған «Жаңа формация басшысы» жоғары лауазымды жетекшілердің қайта даярлау бағдарламасының қатысушылары Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Ахуалдық орталығының жұмысымен танысты.

Бағдарламаның мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің басқарушылық құзыреттіліктерін және ұйымдастырушылық дағдыларын жетілдіру.

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттық технологияларды енгізу процесімен таныстырды. Өңір аппарат басшылары мен аудан әкімдеріне көктемгі су тасқынынан зардап шеккен үйлерді қалпына келтіру бойынша Ахуалдық орталығының оң тәжірибесі баяндалды. Еске салсақ, су тасқынынан 10 облыс, 47 аудан, 5 облыс орталығы және 224 елді мекен зардап шеккен болатын. 11 987 тұрғын үй мен 5 616 саяжайларға зиян келтірілді. Зардап шеккен аймақтармен бірлескен жұмыстың нәтижесінде 2 680 жаңа үй салынды, 5 767 тұрғын үй мен пәтер сатып алынды, 9 156 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Одан бөлек, Жәннат Дүбірова «Мемлекеттік қала құрылысы кадастры», «ТКШ бірыңғай платформасы» және «ТКШ бірыңғай деректер бұлты» жобаларын таныстырды.

Вице-министр бақылау, ашықтық, процесстердің оңтайландыруын жақсартудағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын цифрландырудың маңызды рөлін атап өтті. Бұл бюрократиялық рәсімдерді алып тастауға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге көмектеседі.

Сондай-ақ, қатысушылар министрлік жүзеге асырып жатқан жобалар, соның ішінде үлестік құрылыс мониторингі, Бірыңғай төлем құжатын аудан мен ауыл деңгейінде кеңейту мәселелері туралы ақпарат алды.

Іс-шара соңында қатысушылар көтерілген мәселелерді талқылап, пікір алмаса отырып, тәжірибелік кейстерімен бөлісті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив