Cемей10°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
460.8 541.21 6.13

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақының жеңімпаздары анықталды

3-12-2024, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны табыстау бойынша жыл сайынғы байқау аяқталды. Қоғам қайраткерлері мен сарапшылардан құрылған конкурстық комиссия 135 ұйымның өтінімін қарады.

Нәтижесінде 15 номинация бойынша 66 үкіметтік емес ұйым сыйлықақы иегері атанды.

Лауреаттардың жұмысы жоғары әлеуметтік маңыздылығын көрсетеді. Сыйлықақы жеңімпаздары 5 мыңнан астам арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіп, 8 мыңнан астам адамға оңалту жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік осал топтарынан 60-тан астам адам жұмысқа орналастырылды.

Айта кетейік, кейінгі сегіз жыл ішінде бұл беделді марапат 486 үкіметтік емес ұйымға табысталған.

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы жеңімпаздарының тізімі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив