Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

«Семей қаласының аумағына кіру белгісінің үздік архитектуралық тұжырымдамасы» байқауы туралы ЕРЕЖЕ

1-12-2023, 14:04 018.kz
  1. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Ереже Семей қаласының аумағына кіру белгісінің үздік архитектуралық тұжырымдамасына конкурсты (бұдан әрі - Конкурс) ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.
  2. Байқау Семей қаласының имидждік тартымдылығы мен танымалдылығын арттыру шеңберінде өткізіледі.
  3. Конкурстың ұйымдастырушысы - Семей қаласының әкімдігі.

 

  1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері

 

  1. Конкурстың мақсаты - қалаға кірген кезден бастап, Семей қаласының жаңа сәулеттік-көркемдік және эстетикалық мүмкіндіктерін анықтау.
  2. Конкурстың міндеттері:

- қала аумағына кіру белгісінің архитектуралық тұжырымдамасын әзірлеуге қатысушыларды барынша тарту;

- қаланың танымдылық символдары қосылған белгінің және Семей қаласына кіруді білдіретін архитектуралық нысанның эскиздік жобасын жасау;

- сәулетшілер мен дизайнерлерге және осы салада жаңадан қадам басып келе жатқан мамандарға Семей қаласының сәулеттік бейнесін қалыптастыруға өз үлесін қосуға мүмкіндік беру.

 

  1. Конкурс әкімшісі

 

  1. «Абай облысы Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) конкурстың әкімшісі болып табылады.

 

 

  1. Конкурсты өткізу орны

 

  1. Конкурсты өткізу орны - Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 4, 3 қабат, № 309 кабинет.

 

  1. Конкурсты өткізудің шарттары мен тәртібі

 

  1. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу, сондай – ақ оның нәтижелерін жариялау үшін Семей қаласының әкімі конкурстың сараптау комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) құрамын бекітеді.
  2. Комиссия жұмысының негізгі тәртібі жиналыс негізінде болады. Комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына Семей қаласы мәслихатының депутаттары, бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа да мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, коммерциялық ұйымдар мен саяси партиялардың өкілдері қатыса алатын тәуелсіз байқаушылардың қатысуына жол беріледі.
  3. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:

- Конкурсқа түскен материалдарды конкурстық талаптарға сәйкес бағалайды;

- байқау жеңімпаздарын анықтайды;

- байқау жеңімпазын марапаттау рәсімін өткізеді.

  1. Комиссия шешімі қатысып отырған мүшелердің көпшілігімен ашық дауыс беру жолымен қабылданады. Қарау нәтижесі хаттамамен ресімделеді және оны Комиссия төрағасы бекітеді.
  2. Комиссия мүшелері:

- конкурстық ұсыныстарды талқылауға, қарауға және салыстыруға қатысады және конкурс жеңімпазын анықтау туралы шешім қабылдауды қамтамасыз етеді;

- конкурсқа ұсынылған барлық материалдармен танысуға құқығы бар;

- конкурстық ұсыныстарды әділ қарауға міндетті;

- егер конкурс талаптары мен міндеттеріне сәйкес келмесе, ол конкурстық жұмысты қабылдамауға құқылы.

 

  1. Конкурсқа қатысушы

 

  1. 13. Конкурсқа қатысуға шығармашылық шеберханалар, жарнама агенттіктері мен фирмалары, дизайн студиялары, жобалау ұйымдары, сабақтас кәсіптердің мамандары, авторлық ұжымдар және т. б. (бұдан әрі – Қатысушы) жіберіледі.
  2. Әр қатысушы шектеусіз түрде өзінің жұмыстарын ұсына алады.
  3. Комиссия өтінімнің уақытылы түспегені, жоғалғаны немесе бүлінгені үшін жауап бермейді.
  4. Уақытында келір түспейтін немесе Конкурс шарттарына сәйкес келмейтін немесе белгіленген талаптарды бұза отырып ресімделген конкурстық жұмыстар Конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
  5. Конкурсқа ұсынылған конкурстық жұмыстар қайтарылмайды және рецензияланбайды.
  6. Конкурсты өткізу байқау туралы ақпаратқа объективті, ашық қол жеткізу және оны жұртшылықтың тікелей қадағалауы мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен ақпараттық науқанмен сүйемелденеді.
  7. Конкурсқа ұсынылған жұмыстарда басқа адамдардың дизайн идеяларын (толық немесе ішінара) пайдалануға қатаң тыйым салынады. Осы шарт сақталмаған жағдайда жұмыс Конкурсқа қатысудан шеттетіледі. Конкурстық жұмыстардың дизайны авторлық құқықты, фирмалық атауларға құқықты немесе жарнамаға басқа да мүліктік құқықтарды қоса алғанда, үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзбауға тиіс.

 

  1. Конкурсты өткізу және жұмыстарды ұсыну мерзімдері

 

  1. Байқау бір кезеңде өткізіледі.
  2. Конкурсты өткізу мерзімі: 2023 жылғы 1-20 желтоқсан аралығында жүзеге асады.
  3. Конкурстық жұмыстар 2023 жылғы 20 желтоқсан сағат 18:00-ден кешіктірілмей Семей қаласы, Б. Момышұлы 16, № 307 кабинет мекенжайы бойынша баспа және электронды түрде қарауға ұсынылады. Байланыс телефоны: +7 (7222) 353903, электрондық адрес - semey.sayasat@gmail.com.
  4. Егер қатысушыға растау жазбаша немесе электронды түрде жіберілген болса, материалдар қабылданған болып есептеледі.
  5. Конкурсқа ұсынылатын материалдардың форматы:

- жобалық материалдарды дайындау кезінде қатысушыларға көркем авторлық баяндау еркіндігі беріледі;

- конкурстық жұмыс графикалық және сипаттамалық бөліктерден тұрып, қағаз тасығышта орындалуы тиіс.

  1. Бағалау критерийлері:

- Семей қаласының тарихи, мәдени, экономикалық ерекшеліктері мен қазіргі жетістіктерін ескере отырып, оның  бейнесін көрсететін идеяны толық ашу;

- кіру белгісінің бейнелі және эстетикалық мәнерлілігі, замануи, авторлық ойдың өзіндік ерекшелігі;

- кіру белгісі құрылымының беріктігі;

- ақпаратты қабылдаудың жеңілдігі және бірегейлігі;

- кіру белгісінің композициясының қоршаған ландшафтпен үйлесімділігі;

- кіру белгісінің материалының оны орнату орнының бейнелі дизайны мен ерекшеліктеріне сәйкестігі;

- тәуліктің кез келген уақытында автомобиль жолынан кіру белгісін қабылдауды қамтамасыз ету;

- эскиздік жобаны ұсынудың кәсібилігі.

 

  1. Конкурстық жұмыстарға қойылатын негізгі талаптар

 

  1. Конкурстық жұмыстарға қойылатын техникалық талаптар:

 - эскиздік түрде мәдени-тарихи мұраны да, қазіргі заманғы даму үрдістерін де ескеретін Семей қаласының жеке ерекшеліктерін барынша толық көрсететін идея болуы тиіс;

- кіру белгісі қалаға барлық кіреберістер үшін өзінің сәулеттік-көркемдік келбеті бойынша бірыңғай болуға тиіс.

 

  1. Авторлық құқықтар

 

  1. Конкурстың жеңімпазы бөліммен белгінің архитектуралық композициясына айрықша мүліктік авторлық және сабақтас құқықтарды өтеусіз негізде беру туралы шарт жасасуға міндетті.
  2. Егер конкурс жеңімпазы конкурс нәтижелері жарияланған сәттен бастап 5 күн ішінде айрықша мүліктік авторлық және сабақтас құқықтарды белгінің архитектуралық композициясын беру туралы шарт жасасудан бас тартқан жағдайда, қазылар алқасы Конкурсқа қатысушылар арасынан басқа жеңімпазды таңдайды.
  3. Үшінші тұлғалардың, оның ішінде ұсынылған жұмысқа авторлық және сабақтас құқықтардың құқық иеленушілерінің талаптары қойылған жағдайда қатысушы оларды өз атынан және өз есебінен шешуге міндеттенеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив