Cемей29°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
486.47 554.77 6.26

Бішкектегі Қазақстан-Қырғызстан бизнес-форумында $8,2 млн коммерциялық келісімдерге қол қойылды

4-12-2024, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

2024 жылғы 1-3 желтоқсан аралығында Бішкек қаласында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі, «QazTrade» АҚ Қырғыз Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасымен бірлесіп ұйымдастырған қазақстандық экспорттаушылардың сауда-экономикалық миссиясы өтті. 

Миссия аясында түрлі салаларды қамтитын 30 қазақстандық компания қырғыз әріптестерімен В2В форматында келіссөз жүргізді.

2 желтоқсанда Бішкекте Қазақстан–Қырғызстан Үкіметаралық кеңесі қарсаңында екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылау үшін маңызды тұғырнамаға айналған Қазақстан–Қырғызстан бизнес-форумы өтті.

Форум жұмысына Қазақстан мен Қырғызстанның 80 компаниясының өкілдері қатысты. Форум бағдарламасына B2B кездесулері, сондай-ақ келісімдерге қол қою рәсімі кірді. СЭМ мен форум қорытындысы бойынша жалпы сомасы $8,2 млн-нан астам 7 коммерциялық келісімге қол қойылды, бұл екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды нығайту үшін маңызды қадам болды.

Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасының сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев басқарды, сондай-ақ іс-шараға бизнес және мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив