Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
479.02 551.11 5.82

Ислам ынтымақтастығы ұйымының жастары Әзербайжандағы жылды қорытындылады

5-12-2024, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Әзербайжанда «Шуша – Ислам ынтымақтастығы ұйымының жастар астанасы 2024» бағдарламасының жабылу салтанаты өтіп жатыр. Іс-шараға ИЫҰ-ға мүше елдерден 300-ге жуық делегат, оның ішінде креативті жастар, ғалымдар мен Қазақстанның жастар ұйымдарының өкілдері қатысуда.

Кездесудің мақсаты – ислам әлемі жастарының дипломатиялық дағдылары мен ынтымақтастығын дамытуға ықпал ету.

Бағдарламада іскерлік және шығармашылық алаңдар: SINA – жас ғалымдар форумы, жастар фестивалі, шығармашылық шеберхана, классикалық музыка бағытындағы жас орындаушыларының фестиваль-байқауы, шығармашылық марафон, ойын технологиялары бойынша G-Hub саммиті.

Басты отырыста қатысушылар 2024 жылғы ынтымақтастықты қорытындылады.  Сондай-ақ Әзербайжан эстафетаны Мароккоға тапсырды. 2025 жылы ИЫҰ-ның жастар астанасы осы елде болады.

Айта кетейік, ИЫҰ елдері арасында қарар мен ұйым жастарын дамытуға бағытталған бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив