Айнабұлақта көтерілген мәселе менің басты назарымда болады - Шалқар Байбеков
№2 бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша Абай облыстық мәслихаты депутаттығына үміткер Шалқар Байбеков сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында Айнабұлақ ауылына арнайы барып, жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Шалқар Байбеков өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға арналған жоспарларын баяндады. Әсіресе, ауылдық жерлердегі инфрақұрылымды дамыту, білім беру мен денсаулық сақтау саласын нығайту, жол жөндеу және ауыз су мәселелерін шешу сынды басым бағыттарға ерекше тоқталды.
Ауыл тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді ашық түрде айтып, үміткерге сұрақтар қойды. Кездесу кезінде ауылдың электр жүйелерін жаңарту, ауыл шаруашылығын қолдау, жастарды жұмыспен қамту және бос уақытты тиімді өткізу үшін спорттық-мәдени нысандар салу мәселелері де қозғалды.
Шалқар Байбеков барлық айтылған мәселелерді мұқият тыңдап, әрбір сұрақ бойынша нақты шешу жолдарын ұсынатынын және бұл мәселелерді өзінің депутаттық жұмысындағы басты міндеттерінің қатарына қоятынын жеткізді. Ол ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту мен өңірдің дамуы үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін атап өтті.
Кездесу соңында тұрғындар Шалқар Байбековке өз қолдауын білдіріп, оның сайлауалды бастамаларына жоғары баға берді. Әсіресе, үміткердің ауыл мәселелеріне терең назар аударып, нақты ұсыныстарымен бөліскені ауыл тұрғындарының сенімін нығайтты.
*№2 бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша Абай облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Ш. Байбековтің сайлау қорынан төленді