Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.86 544.34 5.11

Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету — маңызды мәселе

6-12-2024, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгінгі таңда Абай облысында сумен қамтамасыз ету деңгейі 92,8% құрайды. 33 жоба іске асырылуда, оның 24-і аяқталады деп жоспарлануда. Бұл 22 497 адамды сумен қамтамасыз етуге және сумен қамтамасыз ету үлесін 96,6% - ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Семейде су құбыры желілерінің құрылысына 7 жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Ағымдағы жылы 7 сумен жабдықтау нысанын іске қосу есебінен 9 780 адам суға қол жеткізе алады. Бұл Семей қаласындағы сумен қамтамасыз ету үлесін 91,5%-дан 94,6%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, ағымдағы жылы сумен жабдықтау желілерін кеңейту және салу бойынша 20 жобаны іске асыру жүргізілуде. Жыл қорытындысы бойынша төрт нысанды енгізу жоспарлануда, бұл облыстағы желілердің тозуын 48,1%-дан 46,7%-ға дейін төмендетеді.

2025 жылға 27,3 млрд теңгеге жаңа құрылыс пен жаңғырту үшін 24 жобаға бюджеттік өтінім берілді.

Басқарма басшысының баяндамасына орай облыс әкімі тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етуде жұмыстардың сапалы әрі уақытында атқарылуын қадағалауды тапсырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив