Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.86 544.34 5.11

ӨҚМ, EEDI мен Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігі: энергия тиімділігі саласындағы үшжақты әріптестік

6-12-2024, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің алаңында Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетовтың төрағалығымен «Қазақстанда энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттыруға жәрдемдесу жөніндегі жоба» шеңберінде EEDI және Жапония Халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) өкілдері қатысты.

Кездесудің негізгі бағыты Қазақстанда энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласындағы озық технологияларды енгізуге және өндірістік процестерді жаңғыртуға бағытталған бірлескен бастамаларды талқылау болды.

JICA-ның қатысуы халықаралық тәжірибе алмасуда және EEDI-дің энергия тиімділігі саласындағы стратегиялық мақсаттарына жету үшін қажетті ресурстармен қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады.

Кездесуге қатысушылар атап өткендей, үшжақты әріптестік инновациялық шешімдер мен жоғары стандарттарды енгізуге мүмкіндік береді, бұл EEDI-дің жобаларды іске асырудағы ұстанымын нығайтады.

Мұндай өзара іс-қимыл жаһандық міндеттерді шешуде және энергия тиімді көрсеткіштерді жақсарту үшін тұрақты технологияларды ілгерілетуде халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсетеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив