Семей жастары сайлауға белсенді қатысуда
Семейліктер таңертеңнен бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттарын сайлауға қатысуда.
М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжде орналасқан №58 сайлау учаскесінде бүгін сайлаушылардың өтіп жатқан сайлауға деген жоғары қызығушылығы байқалады. Қала тұрғындары таңертеңгі сағат 7-ден бастап әдауыс беру үшін учаскеге келуде. Дауыс берушілердің арасында сайлауға алғаш рет қатысушылар да бар.
«Бұл менің алғашқы дауыс беруім. Дауыс беруге қатысқаныма өте қуаныштымын. Қазір ғана еліміздің болашағы үшін дауыс бердім», - деп атап өтті Айшагүл Әскерғазина.
Сайлау учаскелері сағат 20:00-де жабылады. Осы уақытқа дейін әрбір азаматтың өз учаскесіне келіп, дауыс беруіне мүмкіндігі бар.
Тағыда оқыңыз
Партиялық тізімдерді тіркеудің, жеребе тартудың, шетелдік байқаушыларды аккредиттеудің және сайлау алдындағы үгіттің қорытындылары туралыШәкәрім шаңырағы – Абай елінің рухани қара шаңырағы!Әуезов білім ордасындағы №58 сайлау учаскесінде дауыс беру жүріп жатырҮкіметте Қазақстан өңірлерінің су тасқынына дайындығы қаралдыКандидат Дәурен Нұралиновтың сайлауалды бағдарламасы