Облыстық мәслихат депутаттығына үміткердің үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда
№2 бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша Абай облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Амангелді Бахтиновтың үгіт-насихат жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда.
Үміткердің сайлауалды бағдарламасы егжей-тегжейлі жазылған брошюралар барлық аумақ тұрғындарына таратылды. Бұл брошюраларда мәдениет саласын дамыту, әлеуметтік қолдау көрсету, инфрақұрылымды жақсарту және өңірдің рухани байлығын арттыру сияқты маңызды бастамалар көрсетілген.
Брошюралар халыққа қолжетімді әрі түсінікті тілде дайындалып, үгіт-насихат науқанының негізгі құралына айналды. Тұрғындар брошюралар арқылы үміткердің көзқарасы мен ұсыныстарымен жақынырақ танысып, өз сұрақтарын қоюда.
Амангелді Бахтинов халықпен ашық диалог орнатуға ерекше көңіл бөліп, олардың талап-тілектерін ескеруге дайын екенін атап өтті. Ол мәслихат депутаттығына сайланған жағдайда тұрғындардың сенімін ақтап, олардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған нақты қадамдар жасайтынын
*№2 бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша Абай облыстық мәслихат депутаттығына үміткер А. Бахтиновтың сайлау қорынан төленді