Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
538.89 629.53 6.34

Ветеринариялық қызметтердің сапасын арттыру қажет

29-11-2024, 12:35 018.kz

№2 бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша Абай облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Айдын Жакишев өзінің сайлауалды бағдарламасында ветеринария саласын дамытуды маңызды басымдықтардың бірі ретінде атап өтті. Оның айтуынша, мал шаруашылығының тиімді дамуы мен ауылдық өңірлердің экономикалық тұрақтылығы ветеринариялық қызметтердің сапасына тікелей байланысты.

Айдын Жакишев ветеринария саласын дамыту арқылы өңірдегі мал шаруашылығының өнімділігін арттыруды, ауыл тұрғындарының табысын көбейтуді және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді. Оның пікірінше, сапалы ветеринарлық қызметтер ауыл шаруашылығындағы табысты жұмыстың кепілі болып табылады.

Үміткер бұл бастамаларын жүзеге асыру арқылы өңірде ветеринария саласын жаңа деңгейге көтеруге және ауылдық аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға дайын екенін мәлімдеді.

*№2 бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша Абай облыстық мәслихат депутаттығына үміткер А. Жакишевтің сайлау қорынан төленді

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив