Абай облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Айдын Жакишевтің үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда
№2 бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша Абай облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Айдын Жакишевтің үгіт-насихат жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда. Үміткер сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын тұрғындарға түсіндіру мақсатында халықпен кездесу іс-шараларын белсенді ұйымдастырып жатыр. Оның командасы үгіт-насихат жұмыстары аясында округке қарасты барлық елді мекендерді қамтуға ұмтылуда.
Айдын Жакишевтің бағдарламасы жазылған брошюралар тұрғындарға таратылып, әрбір азамат оның алдағы жоспарларымен егжей-тегжейлі таныса алады. Брошюраларда ауыл шаруашылығын дамыту, ветеринария қызметтерінің сапасын арттыру, инфрақұрылымды жақсарту, әлеуметтік мәселелерді шешу және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша нақты ұсыныстар көрсетілген.
Айдын Жакишевтің айтуынша, оның басты мақсаты – халықтың сенімін ақтап, олардың өмір сүру деңгейін жақсарту үшін нақты қадамдар жасау. Ол тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, олардың мәселелерін шешу жолында бар күш-жігерін салуға дайын екенін мәлімдеді.
*№2 бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша Абай облыстық мәслихат депутаттығына үміткер А. Жакишевтің сайлау қорынан төленді