Cемей-15°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.86 544.34 5.11

Мәжіліс ауыл шаруашылығындағы қаражатты пайдалану тиімділігі туралы Жоғары аудиторлық палатаның есебін тыңдайды

8-12-2024, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Депутаттарға Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы төрағасының ауыл шаруашылығын субсидиялауға бөлінген мемлекет қаражатын пайдаланудың тиімділігі жөніндегі есебін тыңдау ұсынылады. Аудит Ауыл шаруашылығы министрлігінде және оның Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарындағы аумақтық бөлімшелерінде жүргізілді.

Сонымен қатар Мәжіліс бірінші оқылымда құрылыс саласын жетілдіру және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қарайтын болады. Құжат Мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленген және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу шарттарын электронды түрде жасау мүмкіндігін қарастырады. Сондай-ақ үлестік қатысу шарттарын жергілікті атқарушы органда бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы міндетті түрде тіркеу нормалары ұсынылады.

Заң жобасымен жұмыс барысында депутаттар үлескерлерге тұрғын үй құрылысы бойынша кеңес беруді қолдайтын орталық құру жөніндегі түзетулерді енгізді. Бұдан бөлек, алдын ала шарттарды, брондау, инвестициялау шарттарын жасасуға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органнан үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат алынбаған және тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының кепілдігінсіз салынып жатқан үйлердің жарнамасына тыйым салу ұсынылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив