Cемей-15°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.86 544.34 5.11

Сенат Төрағасы жас зерттеушілер форумында сөз сөйледі

8-12-2024, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Young Researchers Alliance қауымдастығы ұйымдастырған Жас зерттеушілер форумында сөз сөйледі.

Палата Спикері өз сөзінде Форумға қатысушыларға ілтипат білдіріп, Қазақстан үшін ғылымды және ғылымға негізделген экономиканы дамыту стратегиялық маңызға ие екенін айтты. Жалпы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жас ғалымдарды жүйелі қолдауға және отандық ғылымның әлеуетін арттыруға әрдайым баса мән беріп келеді.

Мәулен Әшімбаев бұл бағытта жас ғалымдарға өз әлеуеттерін іске асыруға үлкен қолдау көрсетіп отырған Альянстың жұмысына назар аударды. Сондай-ақ ол бірлестік қазақстандық зерттеушілердің ғылыми-зерттеу жобаларына бағыт-бағдар беріп, оларды дәріптеуге үлкен үлес қосып келе жатқанын атап өтті және осы бағытта атқарылған жұмыс пен қол жеткізілген жетістіктерге назар аударды.

«Әділетті Қазақстанда ғылым, инновация және жаңа технология елдің орнықты дамуының негізі ретінде қарастырылады. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің құрылуы соның жарқын көрінісі. Кеңес ғылыми және технологиялық даму саласында тиімді, стратегиялық маңызды шешімдер қабылдауды қамтамасыз етеді. Ұлттық ғылым академиясының институционалдық рөлі де айтарлықтай нығайды. Алдағы уақытта бұл институт ғылыми қоғамдастық табан тірейтін маңызды негізге айналуға тиіс. Соңғы 4 жылда Қазақстанда ғылымды қаржыландыру үш еседен астам өсіп, 80 млрд теңгеден 250 млрд теңгеге жетті», – деп, Мәулен Әшімбаев осы салада Парламент Сенаты жүзеге асырған заңнамалық реформаларға тоқталып өтті.

Сенат Төрағасы атап өткендей, ғылым ұлттық стратегиялық мақсаттармен және бәсекелестік артықшылықтармен тығыз интеграцияланып, үндесуге тиіс. Палата Спикері өз сөзінде Парламент пен ғылыми қоғамдастықтың алдағы бірлескен жұмысының негізгі бағыттарын да тілге тиек етті.

«Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, ең алдымен, аграрлық ғылымды дамытудың маңызы зор. Сондай-ақ табиғи байлығымызды сақтауға және оны тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін терең зерттеулер, инновациялық тәсілдер және технологиялар қажет. Химия, мұнай-газ химиясы, ғарыш ғылымы сияқты салаларды дамыту да стратегиялық мәнге ие. Тұрақты өсуге қол жеткізу үшін атом энергетикасының дамуы және жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың жаңа тәсілдері маңызды рөл атқарады. Осы саладағы басым бағыттардың тағы бірі – жасанды интеллект. Ғылым экономиканың тұрақты және серпінді дамуын синхронды түрде қамтамасыз ете отырып, елдің стратегиялық мақсаттарын іске асыруға ықпал етуге тиіс», – деді Палата Төрағасы.

Сонымен қатар Форум барысында ғалымдар мен сарапшылар ғылым саласындағы өзекті мәселелер мен проблемаларды кеңінен талқылап, сындарлы диалог құрды. Соның нәтижесінде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы аясындағы ортақ міндеттер айқындалды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив