Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Үкіметте «Қазпошта» акционерлік қоғамын дамыту шаралары қаралды

19-03-2023, 11:14 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен 15 наурыз күні өткен кеңесте «Қазпочта» АҚ қызметінің өзекті мәселелері қаралды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Компания басшысы Әсел Жанасова атқарылып жатқан жұмыстар, ағымдағы көрсеткіштер мен халыққа қызмет көрсетудің тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы баяндады. Сонымен қатар кеңеске қатысушылар ұлттық пошта операторын қолдау және одан әрі дамыту бойынша ұсыныстарды қарады.

Бұдан басқа, Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Нұр Жолы» шекаралық өткізу бекеті арқылы жүк көліктерінің, оның ішінде «Қазпочта» желісі бойынша өтуіне кедергілерді жою жөніндегі тапсырмалардың орындалу барысы талқыланды.

Премьер-Министрге бүгінгі таңда рәсімдеуден өтетін көліктер санын тәулігіне ҚР-дан ҚХР-ға екі есеге жуық, ҚХР-дан ҚР-ға 40%-ға арттыру мүмкін болғаны баяндалды. Бұл ретте Әлихан Смайылов қысқа мерзімде одан да жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін әкімшілік процестерді жеделдетуді талап етті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив