Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.86 544.34 5.11

Қазақстан мен Франция арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды

9-12-2024, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы ТМД елдері бойынша ауыл шаруашылығының санитарлық және фитосанитарлық мәселелері жөніндегі кеңесші Амос Мари-Аньеспен кездесті.

2024 жылдың 10 айында Қазақстан мен Франция арасындағы АӨК өнімдерінің тауар айналымы шамамен 9,3%-ға өсіп, 83,1 млн. долларды құрады. Осы кезеңде Қазақстанның Францияға экспорты негізінен рапс тұқымын жеткізудің арқасында 7 есеге жуық өсті.

Кездесу барысында бірқатар өзекті мәселелер қаралды.

«Қазіргі уақытта біз селекциялық мал шаруашылығы саласындағы қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жұмыстарын жүргізудеміз. Бұл бағытта Францияның мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру және француз тұқымдық қауымдастықтарының қызметін реттеу тәжірибесі Қазақстан үшін қызықты», – деп атап өтті Ермек Кенжеханұлы.

Сондай-ақ, тараптар отандық селекционерлерді қолдау, шетелдік селекционерлерді Қазақстан аумағында тұқым өндірісіне инвестиция салуға тарту мәселелерін талқылап, әрі қарай ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив