Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
518.07 595.21 6.37

Қорғаныс министрлігінің әскери медицина орталығы институционалдық аккредиттеуден өтті

9-12-2024, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

«ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери медицина орталығы» РММ қызметінің ұлттық, еуропалық және халықаралық білім беру стандарттарына сәйкестігін растау рәсімін» «Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік» (IQAA) мемлекеттік емес мекемесі өткізді. Аккредиттеу бес жылға жарамды.

Әскери медицина орталығының қосымша білім беру бағдарламасы бойынша қызметі Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар әскери қызметшілерінің біліктілігін арттыру, курстық даярлау курстарын өткізуді көздейді. Бұл медициналық, орта медициналық персоналға, медициналық емес құрамға, оның ішінде бітімгерлік контингентке қатысты.

Әскери медицина орталығы америкалық Defense Institute Medical Operations сертификатына ие. Ол растайтын құжатты бере отырып, халықаралық курстарға құқық береді. Оқыту «жарақаттар кезінде шұғыл медициналық көмек көрсету» және «тактикалық деңгейде жаралыларға күтім жасау» бағдарламалары бойынша медициналық құрамға арналған «санитариялық нұсқаушы, санитар» және медициналық емес адамдарға арналған «құтқарушы-жауынгер» білім көлемінде жүргізіледі.

Екіжақты әскери ынтымақтастық аясында Әскери медицина орталығы әскери медицинаның өзекті тақырыптары бойынша алты ақпараттық курс өткізді. Мекемеге АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Литва, Үндістан, Пәкістан, Қырғызстан және ҰҚШҰ-ның шетелдік делегациялары да келді.

Институционалдық аккредиттеу Қарулы күштердің Медициналық және медициналық емес құрамы үшін әскери медицина орталығы берген қосымша білім туралы куәліктерді растайды. Госпиталь және әскери буын әскери-медициналық мамандарының сертификаттары ҚР Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығында олардың біліктілік деңгейін куәландыру кезінде де ескеріледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив