Cемей-17°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
494.63 583.22 6.42

Қазақстан ТЖМ мереке күндері қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады

10-12-2024, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды демалыс және мереке күндері қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Жаппай өткізілетін  іс-шаралар мен адамдардың, әсіресе қыста таза ауада демалу оқиғаларының көбеюіне байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу маңызды.

  Аппараттық кеңес барысында Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов ведомствоның аумақтық бөлімшелеріне алдын алу шараларын күшейту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді. Өрт қауіпсіздігі, судағы, таудағы қауіпсіз жүріс-тұрыс және жол қозғалысы ережелерін сақтау мәселелері бойынша азаматтармен түсіндірме әңгімелесуге ерекше назар аударылатын болады.

«Қауіпсіздік ережелерін сақтау көптеген оқиғалардың алдын алады. Біз профилактикалық жұмысты күшейтіп, азаматтарды мұқият болуға шақырамыз», - деп ТЖМ басшысы атап өтті.

  2024 жылғы 14 желтоқсаннан бастап ТЖМ бөлімшелері ТЖ қаупінің жоғарылауына байланысты қызметтің күшейтілген режиміне көшуде. Бұған қосымша рейдтер, жаппай өткізілетін іс-шараларды бақылау және демалыс орындарындағы қауіпсіздік кіреді. Сонымен қатар өрт-тактикалық жаттығулар, бизнес объектілерінің қызметкерлерімен нұсқамалар және ұсынымдар бере отырып, комиссиялық тексерулер өткізілетін болады.

ТЖМ азаматтарға қауіпсіздіктің негізгі ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді:

Өрт қауіпсіздігі: жылыту және электр аспаптарын пайдалану кезінде абай болыңыз, балаларды қараусыз қалдырмаңыз, пиротехниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтаңыз

Судағы қауіпсіздік: жұқа мұзға шықпаңыз, су айдындарында жүріс-тұрыс ережелерін сақтаңыз, балалардың қараусыз судың жанында болуына жол бермеңіз.

Таудағы қауіпсіздік: тексерілген жабдықты пайдаланыңыз, тиісті дайындықсыз және маршрутты білмей тау маршруттарына шықпаңыз.

Жол қауіпсіздігі: жол ережелерін сақтаңыз, әсіресе қысқы ауа-райында және көлікті басқару кезінде мұқият болыңыз.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив