Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.86 544.34 5.11

Мемлекеттік кеңесші этносаралық келісімді нығайту мәселелері жөнінде республикалық жиын өткізді

10-12-2024, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин этносаралық келісімді нығайту мәселелеріне арналған республикалық жиын өткізді. Басқосуға Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ Алматы және Жамбыл облыстарының әкімдері қатысты.

Кеңеске қатысушылар этносаралық қатынас саласындағы тұрақтылықты нығайтуға, азаматтық қоғам институттарымен өзара қарым-қатынасты жандандыруға, мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізуге қатысты атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Сонымен қатар Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған «Заң мен Тәртіп» идеологиясының қағидаларын жүзеге асыру барысы туралы мәлімет берді.

Жиын соңында Мемлекеттік кеңесші жауапты мемлекеттік органдарға келесі жылы этносаралық келісімді және ел бірлігін қамтамасыз ету бойынша жүргізілетін ішкі саяси жұмыстардың басым бағыттарына қатысты нақты тапсырмалар берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив