Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
520.39 609.58 6.63

Тегеранда жаһандық сын-қатерлерге қарсы күресте діндарлардың жауапкершілігі талқыланды

10-12-2024, 15:50 018.kz

Иранда «Жаһандық сын-қатерлерге қарсы күресте діндарлардың жауапкершілігі» тақырыбында конференция өтті. Іс-шараны Иран Ислам Республикасының Діндер мен мәдениеттер диалогы орталығы Қазақстан Республикасының Конфессияаралық және дінаралық диалог орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.

Екі елдің дін саласындағы сарапшылары қоғамның заманауи мәселелерін шешудегі дін лидерлерінің әлеуетінің маңыздылығын талқылады. Конференцияға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері қатысты.

Спикерлер Қазақстанда өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі жаһандық дамудың негізгі бағыттары бойынша дін көшбасшыларының жан-жақты жақындасуына және елдер мен халықтардың бейбітшілік пен келісімде өмір сүруіне ықпал ететінін атап өтті.

Конференция аясында қазақстандық делегация өкілдері Иран Ислам Республикасы Президенті жанындағы Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымының басшысымен кездесті.

Сондай-ақ, қазақстандық делегация мүшелері Тегеран университетіне барып оқытушылар құрамымен және студенттермен кездесті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив