Семей магистральдық желі бөлімшесін жаңғырту: қауіпсіздік пен транзиттік әлеуетті арттыру жолы
Күрделі климаттық жағдайда орналасқан Семей магистральдық теміржол бөлімшесі заманауи технологияларды енгізіп, өткізу қабілеті мен қауіпсіздігін арттыру үшін инфрақұрылымды жақсарта отырып, белсенді дамуын жалғастыруда. Өңір екі облыс — Абай және Шығыс Қазақстан облыстары арқылы төселген учаскелерді қамтиды, онда қатты дала желі мен жиі қар тасқыны жолдарды пайдалануда қосымша қиындықтар туғызады. Қыс мезгілінде жолдың 40%-дан астамына (467,7 км) қардың кесірінен пайдалану қиынға соғады. Теміржол бойында өзендер, су қоймалары, көлдер, төмен радиусты көлбеу және қисық жартасты беткейлер бар, бұл да техникалық қызмет көрсету кезінде ерекше назар аударуды қажет етеді.
Семей бөлімшесі транзиттік әлеуетті арттыру және пойыздардың қозғалыс жылдамдығын сағатына 120-140 км-ге дейін көбейту үшін өз инфрақұрылымын белсенді түрде жаңғыртуда. Соңғы бес жылда 262 км жолға күрделі жөндеу жүргізілді. Семей өңірінде жұмыстар 211 км-ді қамтыды, ал Шығыс Қазақстан өңірінде оның төмен қозғалыс қарқындылығын ескере отырып, 51 км жолға қарқынды-орташа жөндеу жүргізілді.негізгі жүріс бойынша темірбетон арқалықтардағы бағыттамалық бұрмалардың 222 жиынтығы ауыстырылды. Темірбетон негізіне толық көшу үшін алдағы жылдары 366 км күрделі сипаттағы жұмыстар жоспарланған, сондай-ақ 73,4 км станциялық жолдарда темірбетон шпалдармен күшейту жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, 2024 жылы жаңа материалдарды қолдана отырып, 61,1 км жолға күрделі жөндеу жүргізілді. Күшейтілген орташа жөндеу 11,2 км-де жүргізілді, өз күшімен жолды орташа жөндеу -18,6 км, сондай-ақ 11 км ескі рельстер ауыстырылды, рельсті бунақты төсеу 9,2 км-ді құрады. Жаңғырту нәтижесінде пойыздар қозғалысының сапасы мен қауіпсіздігі айтарлықтай жақсарады. 114,55 км -ге ЩОМ, ВПО, ДМ Жол машиналарының кешенін қолдана отырып жұмыс жүргізілді, сондай-ақ 71,4 км-ге ДМ және ПРБ, 14,383 км-ге жол түзетілді. Күрделі табиғи жағдайларда темір жолдарға малдың шығуын болдырмау үшін соңғы бес жылда 194,8 км қоршау салынды, оның ішінде ағымдағы жылы 63,5 км.
Теміржолшылардың еңбек жағдайын жақсарту және жұмыс тиімділігін арттыру бағдарламасы аясында 2018 жылдан бастап 18 станцияда электр орталықтандыру құрылғыларын модульдік ғимараттарға көшіру ұйымдастырылды. Көшіру жұмыстарын толық аяқтау үшін 29 станцияда модульдерді орнату жоспарлануда. Барлық 13 станциядағы модульдік контейнерлерге КТСМ бекеттік жабдықтарын (көпфункционалды техникалық құралдар кешені) көшіру жүзеге асырылды. Өскемен, Семей және Аягөз қалаларындағы желілік-аппараттық байланыс залдарында 2023 жылы ескі жабдықты ауыстырумен цифрландыру енгізілді. Кәсіпорындарда санитарлық - тұрмыстық жағдайларды жақсарту үшін 20 модульдік ғимарат орнатылды. 2024 жылы 10 модульдік ғимарат орнатылды.
Сондай-ақ, 2023 жылы "Теміржолсу-Аягөз" ЖШС күшімен 26 ғимаратқа ағымдағы жөндеу жүргізілді, ал биыл 22 ғимаратта жұмыстар жүргізілуде. Бұдан басқа, 26 ғимаратқа ағымдағы жөндеу жүргізілді, сондай-ақ 70 контейнер шалғайдағы учаскелердегі жұмысшылар үшін жылыту пункттеріне айналдырылды.
Негізгі станциялар мен вокзалдардағы инфрақұрылымды қайта құру да маңызды бағыт болып табылады. 2023 жылы Семей теміржол вокзалының ғимаратын қайта жаңартуға және Өскемен мен Аягөздегі вокзалдарды күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу басталды. Бұл жұмыстар жолаушылар үшін жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, флотты жаңарту аясында 2024 жылы 13 жаңа көлік және қиын жағдайда жұмыс істеу үшін бір ЧЕТРА Т-35 бульдозері келді.