Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.86 544.34 5.11

Абай облысына жыл басынан бері 530 адам көшіп келді

11-12-2024, 16:10 Думан Кенжеғазыұлы

Оның ішінде 310 адам (96 отбасы) қоныс аударушылар, 220 адам (90 отбасы) қандастар.

2024 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша көшіп келу шығыны 497 адамға төленді. Көшуге бір реттік материалдық көмек беріледі. Бұл отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (258 440 теңге) құрайды. 

Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар 150 отбасыға төленді. Бұл ретте ай сайын, он екі айдан көп емес мерзімде тұрғын үй алғанға дейін:

қалалық жерлерге қоныс аударғандарға: 

• бір адам үшін 20 АЕК (73 840 теңге);

• отбасы мүшелерінің саны 2-4 адам болса, 25 АЕК (92 300 теңге);

• отбасы мүшелерінің саны бес және одан көп болған жағдайда 30 АЕК (110 760 теңге);

Ауылдық жерлерге көшіп келгендерге: 

• бір адамға 15 АЕК (55 380 теңге);

• отбасы мүшелерінің саны 2-4 адам болған кезде 18 АЕК (66 456 теңге);

• отбасы мүшелерінің саны бес және одан көп болған жағдайда 21 АЕК (77 532 теңге) төленеді. 

Тұрғын үй сатып алуға экономикалық мобильділік сертификаты 106 отбасыға беріліп, баспаналы болды.  Сертификат тұрғын үй құнының 50 пайызы, бірақ 1160 АЕК-тен (4 282 720 теңге)  аспайтын мөлшерде болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив