Шалқар Байбеков Абай облысы мәслихатының төрағасы болып сайланды
Абай облысы мәслихатының кезектен тыс жиырма үшінші сессиясы өтті. Сессия барысында мәслихат депутаттарының шешімі бойынша жаңа төраға болып Байбеков Шалқар Заманбекұлы сайланды.
Сессия жұмысына қатысқан аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев жаңа төрағаны құттықтап, жұмысына табыс тіледі. Облысты одан әрі дамыту үшін мәслихат пен атқарушы биліктің өзара іс-қимылының маңызын атап өтті.
Облыс мәслихатының бұрынғы төрағасы Қуаныш Сүлейменовтің өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Белсенді қызметі үшін оған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасы атынан Құрмет грамотасын тапсырылды. Сондай-ақ депутаттар Қуаныш Сүлейменовке алғысын білдірді.
Сессияда 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет, Абай облысы бойынша 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс – қимыл жоспарын бекіту және басқада мәселелер қаралды.