Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
538.89 629.53 6.34

Абай облысы әкімінің Тәуелсіздік күнімен құттықтауы

16-12-2024, 12:17 018.kz

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Бұл күн – ата-бабамыз сан ғасырлар аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған ұлы күн.

Бұл — халқымыздың мызғымас бірлігін айшықтайтын ұлық мереке. Біз осы мерекеде Азаттықтың ақ таңының атуына үлес қосқан, егеменді ел атануымызға атсалысқан ерлердің рухына тағзым етеміз. Бүгінде біздің мемлекетімізді жаһан жұрты бейбітсүйгіш, ырыс-ынтымағы жарасқан ел ретінде таниды.

Еліміздің әлемдік аренадағы биік беделіне барлық отандастарымыз, соның ішінде жерлестеріміз сүбелі үлес қосып келеді.

Әр ұлт, әр халық үшін тәуелсіздіктен артық, егемендіктен қасиетті де қымбат ештеңе жоқ. Мұны көздің қарашығындай сақтау, еліміздің амандығы мен жеріміздің тұтастығын қорғау — келер ұрпақ алдындағы қасиетті борышымыз.

Сүйікті Отанымыз – Қазақстан көркейіп, өркендей берсін!
Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін.

Құрметпен, Нұрлан Ұранхаев,
Абай облысының әкімі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив