Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
510.19 582.79 6.46

Алматыда кинология орталығына ерекше балалар экскурсия жасады

16-12-2024, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Алматыда кинология орталығына ерекше балалар экскурсия жасады.

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің кинологиялық орталығы Алматы қаласының оқушылары мен студенттеріне есігін айқара ашады. Қонақтардың қатарында мүмкіндігі шектеулі балалар бар, олар өздерін полицей-кинолог ретінде сынап көре алады.

Ерекше балалармен кездесу үшін ізкесуші иттер олармен қарым-қатынас жасау әдістеріне арнайы үйретілді: иттер психикалық және жүйке шаршауларын жеңілдетеді және белгілі бір әлеуметтік және коммуникативті іс-әрекеттерді дамытуға көмектеседі.

Кішкентай қонақтарға дәстүр бойынша есірткі заттарын, жарылғыш заттарды іздестіру, күштеп ұстау және одорологиялық сәйкестендіру сияқты бағыттар бойынша кинологтардың қызметтік иттермен жұмысы көрсетіледі. Мұндай экскурсиялар кезінде балалар полиция иттерінің тұқымдары мен әдеттері туралы көп мағлұмат біліп шығады және көптеген жағымды эмоциялар алады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив