Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.86 544.34 5.11

Балалардың жолдағы қауіпсіздігі: полицейлер ережелерді сақтаудың маңыздылығын түсіндірді

17-12-2024, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Баланың жолдағы қауіпсіздігі басты назарда. Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері елордалық тұрғындарға осы мәселенің маңыздылығын түсіндірді. Бұл істе тәртіп сақшыларына «Q88» аумақтарды тұрақты дамыту қауымдастығы көмектесті.

Оқу орындарының алдында полиция қызметкерлері қоғам белсенділерімен бірге балаларды тасымалдау кезінде ережелерді сақтау қажеттігі туралы профилактикалық акция өткізді.

Биыл 10 айда жол апатында 267 бала көз жұмған. Олардың жартысынан көбі автокөліктерде жолаушы болған. Басым көпшілігін ересектер қауіпсіздік ережелерін бұза отырып тасымалдаған, яғни арнайы орындықты, адаптерлер мен ұстағыштарды пайдаланбаған.

Айта кетейік, заңнама бойынша елімізде 12 жасқа дейінгі балаларды автокөліктерде тасымалдау үшін балаларға арналған автокреслоларды пайдалану міндетті болып табылады. Бұл балалардың жолдағы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Сонымен қатар апаттылықты азайту мақсатында ел мектептерінде қозғалыстың жас инспекторлары отрядтары құрылған. Олар полицейлермен бірге қатарластарына жол жүрісі қағидаларын үйретіп жатыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив