«Сапалы өнім» жобасы - қоғамдық бақылау арқылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Мемлекет басшысының 2023 жылдың 1 қыркүйегінде жарияланған «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес Сауда және интеграция министрлігі ішкі нарықты қорғау және отандық өндірушілерді қолдау жөніндегі шараларды іске асыруға кірісті. Осы тапсырма шеңберінде қоғамдық бақылау құралын іске асыру арқылы тұтынушылардың құқықтарын сапасыз өнімдерден қорғауға бағытталған «Сапалы өнім» әлеуметтік жобасы іске қосылды. Бұл туралы ОКҚ алаңында СИМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының м.а. Болат Танабергенов мәлімдеді.
«Сапасыз өнімді анықтау тұтынушыларды қорғайды, жосықсыз өндірушілерді анықтайды және адал өндірушілерді қолдайды, сапалы өнімді өндіруге және сатуға ынталандырады деп санаймыз. Ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша барлық өңірде қоғамдық ұйымдар 2 мыңнан астам өнім атауын іріктеді, оның ішінде 1423 түрі немесе 71%-ы бойынша бұзушылықтар анықталды. Бұзушылықтардың негізгі үлесі таңбалау жөніндегі талаптар бөлігінде анықталды - тауар, оның құрамы туралы және мемлекеттік тілде ақпараттың болмауы», – деп атап өтті спикер.
228 бұзушылық немесе жалпы көлемнің 16%-ы – санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылуына қатысты, бұл құрамы бойынша сәйкессіздік, жарамдылық мерзімі өткен тауарды өткізу, тиісті құжаттардың болмауымен байланысты.
Анықталған бұзушылықтар бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің әкімшілік жауапкершілігінің тиісті шаралары қабылданды, сондай-ақ бұзушылықтар жойылғанға дейін өнімнің сәйкестік декларациялары жойылды және тоқтатылды.
Болат Танабергенов құқықтық реформаларға да тоқталды. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында Мемлекет басшысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманы жетілдіру жөнінде міндет қойды. Осы тапсырманы іске асыру мақсатында, сондай-ақ азаматтардың келіп түскен өтініштерін, қоғамдық институттардың пікірлері мен ұсыныстарын және әлеуметтанулық зерттеудің теріс көрсеткіштерін талдау мен мониторинг нәтижелерін назарға ала отырып, Министрлік тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың тиімді және жан-жақты жүйесін құруға бағытталған заң жобаларын әзірледі. 4 қыркүйекте заң жобаларын Парламент Мәжілісінің депутаттары бірінші оқылымда мақұлдады.
Біріншіден, тұтынушыға өз құқықтарын қорғау әдісі бойынша таңдау жасау ұсынылады. Дауды сотқа дейінгі тәртіппен реттеу не сотқа тікелей талап қою немесе жосықсыз бизнес субъектісін жауапкершілікке тарту үшін мемлекеттік органға жүгіну.
Екіншіден, заң жобасында тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың қоғамдық институттарының, оның ішінде осы салада Омбудсмен енгізу арқылы рөлін арттыру ұсынылады. Қосымша тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне ішкі нарықтың қоғамдық мониторингі шеңберінде тауарлардың үлгілерін іріктеу және қызметтерді (жұмыстарды) сатып алу құқығы берілетін болады.
Үшіншіден, адам өмірінің барлық саласында тұтынушылардың құқықтарын кешенді қорғау үшін ТКШ, байланыс, туризм, мәдениет, сауда, көлік және басқа да қызмет көрсету салаларына тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың базалық қағидаттарын кеңейту ұсынылады, сондай-ақ мемлекеттік органдардың салааралық үйлестіруін күшейтуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, салалық нормативтік актілерді әзірлеу сатысында олар министрлік тарапынан Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңның талаптарына сәйкестігі тұрғысынан талдауға жататын болады.
Төртіншіден, кәсіпкерлерге жүгінген кезде құқықтары бұзылған және сотқа дейінгі кезеңде шешілмеген тұтынушының пайдасына сот айыппұл түрінде салатын кәсіпкердің азаматтық құқықтық жауапкершілігін енгізу ұсынылады.
Бесіншіден, электрондық саудағы бір бөлімді арналады. Әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері, сондай-ақ шағымдардың көбеюі ерекше алаңдаушылық тудырады. Қазіргі уақытта Қазақстанда тауарлар мен қызметтер сауда желілерінің интернет – дүкендері, электрондық сауда алаңдары-маркетплейстер, онлайн хабарландыру сервистері арқылы сатылады.
«Бұл ретте электрондық сауда нарығында отандық та, шетелдік те компаниялар жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша тұтынушылардан түскен 56 мың өтініштің шамамен 13 мыңы (23%) электрондық саудаға қатысты болды. Өткен жылы 9 мың өтініш түсті. Тұтынушылар негізінен тауар мен сатушы туралы ақпараттың жоқтығына шағымданады; ұсынылған тауардың сипаттамаға сәйкес келмеуі; интернет-сайттардың тауар мен ақшаны қайтарудан бас тартуы. Бар проблемалар бойынша электрондық пошта, Whatsapp чаттары, оның ішінде Wildberries, Каспи, OZON өкілдерімен өзара іс - қимылдың жедел арналары құрылды», – деді спикер.
Қолданыстағы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңының шеңберінде офлайн сатушыға қойылатын талаптар онлайн сатушыларға да қолданылады. Дегенмен, олар әрдайым орындалмайды, әсіресе электрондық алаңдарда сауда жасайтын сатушылар заңды бұзатыны байқалады. Сондықтан заң жобасында электрондық сауда алаңдарының иелерін кәсіпкерлердің тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңнама талаптарын сақтауы жөнінде шарттар жасасуға міндеттеу ұсынылады. Талаптарды орындамау жосықсыз сатушыға тиісті жауапкершілікті жүктеп қана қоймай, олардың электрондық платформада сауда жасау мүмкіндігінен айырылуына әкеп соқтырады.