Cемей-7°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.46 555.38 6.18

Қазақстандық өндірістің ұзын өлшемді рельстері жол жөндеуге пайдаланылады

19-03-2023, 17:44 Думан Кенжеғазыұлы

Отандық өндірістің 120 метрлік рельстер партиясы «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорны» филиалына жеткізілді.

Мұндай ұзындықтағы рельстер алғаш рет Ақтөбе рельс арқалық зауытынан (АРАЗ) жөнелтілді. Оларды тасымалдау үшін қазақстандық өндірістің арнайы ұзын өлшемді жылжымалы құрамы сатып алынды. Бұған дейін зауыттан «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ға ұзындығы 100 метрлік рельстер Ресей Федерациясынан жалға алынған 100 метрлік рельстасушымен тасымалданғанболатын.

Кәсіпорында ұзынөлшемді рельстер 800 метрлік тарамдар дәнекерленіп, жолды күрделі жөндеугеқолданылады. Жол құрылымында түйіспелердің азболуы жолаушылар пойыздары қозғалысыныңжайлы, ал жүк пойыздары қозғалысының жылдамдығының жоғарылығы қамтамасыз етіледі. ҚТЖ желісіне түйіспесіз жолды төсеу арнайы «Robel» машинасының көмегімен жүргізіледі. 

Жыл сайын «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «АРБЗ» ЖШСарасындағы ұзақ мерзімді шарт шеңберінде магистральдық теміржол желісін жаңғырту үшін 80 мың тоннаға жуық рельсті өнім жеткізіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив