Cемей-15°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.86 544.34 5.11

Сенаторлар дипломатия қызметін жетілдіру және халықаралық қатынастар саласындағы өзара іс қимыл туралы заңды қарады

18-12-2024, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Депутаттар Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің өткен отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дипломатиялық қызмет, халықаралық шарттар және дамуға ресми көмек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңын қарап, талқыға салды.

Комитет төрағасы Андрей Лукин талқылау барысында бұл заң дипломатия қызметінің жұмысын жетілдіру мен халықаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын жақсартудағы маңызды қадам екенін атап өтті.

«Бұл заң дипломатия саласындағы процестерді жеңілдетуге, артық және қайталанатын нормаларды болдырмауға және сыртқы экономикалық органдар жұмысының тиімділігін арттыруды көздейді. Енгізілген өзгерістер дипломатия қызметін оңтайландыруды қамтамасыз етеді және біздің дипломаттар мен халықаралық әріптестеріміздің жұмыс жағдайын жақсартады», - деді Андрей Лукин.

Қаралып отырған заң қолданыстағы «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы», «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» және «Дамуға ресми көмек туралы» үш заңға өзгерістер енгізуді көздейді. Ондағы электрондық жүйені енгізу арқылы халықаралық шарттарды басқаруды жеңілдету, дипломаттардың құқықтарын қорғауды күшейту және дамуға ресми көмек саласындағы үйлестіруді жақсарту жөніндегі баптар маңызды өзгерістердің қатарында болып отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив