Абай облысында ауыл шаруашылығы саласына цифрлық технологиялар белсенді енгізілуде
Ауыл шаруашылығы – Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі, ол азық-түлік және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, сондай-ақ ауылдық жерлерде елдің еңбек әлеуетін дамытуға ықпал етеді. Қазіргі заманда цифрлық технологиялар елдер экономикасының дамуында маңызды рөл атқарып келеді. IT-құралдарын енгізу ауыл шаруашылығы өндірісінің өнімділігін арттырып қана қоймай, сонымен қатар ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Өңірдегі ауыл шаруашылығы саласын цифрландыру жайында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ертай Қуанбаев ӨКҚ алаңында мәлімдеді.
Оның айтуынша, инновациялық технологиялар қазір өсімдік шаруашылығына белсенді түрде енгізілуде.
Басқарма басшысының мәлімдеуінше, мал шаруашылығында да цифрлық технологиялар белсенді түрде енгізілуде. Нақтырақ айтсақ, «Қаликанұлы», «Зейтенов», «Өрнек» сияқты шаруа қожалықтарында озық смарт-фермалардың элементтері қолданылады. Бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы нақты уақыт режимінде әр сиырдан күнделікті есеп жүргізіліп, ұрықтандыруды есепке алу үшін селекциялық және асыл тұқымды жұмыстардың ақпараттық базасында бұқаларды компьютерлік таңдау әдісі қолданылуда.